×

Қазақстандық ғалым тіс эмалын қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

Бүгінде бұл препаратты тек елде ғана емес, шетелде де қолданып отыр

 Динара Амантай 25.04.2023 | 15:19
Фото: inbusiness.kz

«Болашақ» түлегі, PhD докторы, биолог-генетик Бауыржан Айтуов тіс эмалын қалпына келтіретін InnoDent технологиясын ойлап тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл жаңалық дақ түріндегі тісжегіні емдеуге мүмкіндік береді. Бауыржан әріптестерімен бірге бұзылған эмалды қалпына келтіру үшін амин қышқылдарынан амелогенин ақуызын жасанды түрде синтездегені. Оның айтуынша, оны тісжегінің алғашқы сатысында тіске тамызса, 1 ай ішінде тіс эмалы қалпына келеді. Осылайша, дәрі тісжегісін бұрғылаусыз, отасыз емдеуге мүмкіндік береді.

Өнертапқыштың технологиясы патенттелген. Бүгінде бұл препаратты тек елде ғана емес, шетелде де қолданып отыр.

Бауыржан Айтуов «Болашақ» бағдарламасымен Йорк университетінде генетика саласындағы бакалавр дәрежесін алды. Бүгінде жас ғалым әртүрлі биотехнологиялық жаңалықтарды ашумен айналысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама