×

Астаналықтар қыркүйекте 5G қызметін пайдаланады – министр

Бүгінде смартфондардың 20%-ы 5G-ға қосыла алады

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 13:55
Фото: Halyq Uni

Биыл қыркүйекте Астанада 5G желісі қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біріншіден, қазір жыл сайын телефондардың 30%-ы жаңарады. Біздің есебімізше, бүгінде (5G-ға қосыла алатын – автор) телефондардың саны 10% емес, ол 20%-дан асады. Бүгінде бұл көрсеткіш 30%-ға жақындап қалды. Жыл сайын телефондар жаңарып жатыр. Сондықтан олар 5G желісіне қосыла алады.

Екіншіден, былтыр (5G-ға қосу жұмысын, – автор) ұйымдастыра алмадық. Бірақ бүгінде Алматыда 10 локацияда 5G станциялары іске қосылды. Астанада қыркүйектен бастап жыл соңына дейін одан да көп базалық станциялар іске қосылады. Биыл Астана мен Алматы, Шымкент қалаларының 15%-ы 5G-бен қамтамасыз етіледі», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ министр базалық станцияларды ұялы байланыс операторлары орнататынын атап өтті.

Биыл (5G-ді) нақты іске қосамыз... Қыркүйекте Астанада желіні іске қосуды бастаймыз. Байланыс операторлары бұл жұмысты істемесе, олардың радио жиілігін тартып алуға хақымыз бар. Сондықтан олар өз міндеттерін орындайды. Олар (5G радио жиілігін сатып алуға) 156 млрд теңге жұмсады. Байланыс операторлары жиілікті пайдалануға беру үшін осы базалық станцияларды орнатуы керек, - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ұялы телефондардың тек 10%-ы 5G-ға қосыла алатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама