×

Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды

13-14 мамырда сағат 18:00-де финал болады

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2023 | 16:20
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды.

30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17:00-18:00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20:00-22:00) өтеді.

1-10 мамыр аралығында алдын ала жекпе-жектер болады. Күндізгі сессия 14:00-де, кешкі сессия 19:00-де басталады.

Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда (15:00-18:00, 19:00-22:30) өтеді.

13-14 мамырда сағат 18:00-де финал болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама