×

Шавкат Рахмонов UFC тізіміндегі орнынан айырылды

Қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович басып озды

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2023 | 11:28
фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) уақытынан бұрын жеңген кездесулері бойынша UFC файтерлері арасындағы орнын сақтап қала алмады. Ол енді рейтингте бірінші орында тұрған жоқ.

Бұған дейін Рахмонов бірінші орында болған еді. Ол қатарынан 5 рет жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға шыққан болатын. Ал қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Ресейлік шебер қатарынан 6 рет жекпе-жекке шығып, соның бәрінде уақытынан бұрын жеңімпаз атанды. Ол айқастарда қарсыластарын бірінші раундта-ақ жеңген.

Шавкат Рахмонов болса, UFC-дегі 5 жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) ұтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама