×

Көршісіне тіл тигізген екібастұздық қамауға алынды

Оның үстінен іс қозғалды

 Дәурен Ерболат 23.04.2023 | 10:30
Фото: belsat.eu

Павлодар облысында көршісіне тіл тигізген ер адам бірнеше күнге қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екібастұздағы Царева көшесінде тұратын 35 жастағы әйел көршісінің үстінен арызданған. Айтуынша, мас ер адам оның үйінің есігін қағып, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Ер адамның үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Құқықбұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Рустам Омаров.

Айта кетсек, биыл 3 айда Екібастұзда учаскелік полиция инспекторлары ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 136 адамды жауапқа тартқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама