×

Көкшетауда әйел күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның мәйітін тапқан

 Халық үні 23.04.2023 | 07:45
Фото: theworldnews.net

Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Көкшетау қаласы полиция басқармасына өзі тұратын мекенжайда ер адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зорлық белгілері бар 45 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмның сол жерде бірге тұратын әйелі ұсталды.

«Алдын ала болжам бойынша қайғылы оқиға болатын күні азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар пәтерде өздері ғана болған. Араларында жанжал туындап, әйел ер адамның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші сол жерде сөз жұмған», - делінген хабарламада.

Полиция басқармасы осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәлі адам 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама