×

Алматыда жартылай марафон өтеді

Қатысушылар екі түрлі қашықтыққа жүгіреді 

 Ербол Тұрымбет 22.04.2023 | 13:21
Фото: 7kun.kz

Алматыда ертең жартылай марафон өтеді. Жыл сайынғы 10 және 21 шақырымдық жарыс Тұңғыш Президент саябағынан басталып, әл-Фараби даңғылы бойымен өтеді. Ал мәресі Орталық стадионда аяқталады.

Жарыстың қашықтықтары: 21.1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, экиден эстафетасы.

Жас санаттары:

21 км – 18-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан үлкен          

10 км – 15-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60-69, 70 жастан үлкен

10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан үлкен.

Экиден 21.1 (командалық эстафета) 15 жастан үлкен.

Жартылай марафонының (21 км) абсолюттік жеңіпаздары мен экиден командалық жарысын ұтқандарға мақтау қағазы, медаль және бағалы сыйлықпен бірге ақшалай сыйлық та қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама