×

Алматы – Ташкент – Термез тас жолында көлік қозғалысына шектеу жарияланды

Жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 22.04.2023 | 13:00
Фото: egemen.kz

Алматы облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында барлық көлік түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспаөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысында «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының Жаңақұрылыс ауылынан Үңгіртас ауылына дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Қозғалыс Тарғап және Самса елді мекендері арқылы өтетін жолдармен жүзеге асырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама