×

«Қайын атасымен жатқанын ашық айтады»: Зайытов атышулы бағдарламаны жабуды ұсынды

Депутат отбасындағы жанжалдарды талқылайтын телебағдарламаларға қарсы екенін айтты

 Халық үні 21.04.2023 | 20:28
фото: Halyq Uni

«Телеарналарда отбасындағы жағдайларды ашық талқылайтын бағдарламалар жабылуы керек». Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов осындай пікірін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, комитеттің бүгінгі отырсы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған еді.

«Зорлық-зомбылықты талқылап жатырмыз. Бірақ зорлық-зомбылыққа әкелетін тағы бір мәселе бар. Ол – балалардың ерікті түрде  бұзылуы. Ерікті бұзылып жатқан балалар бар. 15 жасынан бастап мефедронға отырады, 14 тжасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі. Осыдан кейін неше түрлі зорлық-зомбылықты көрсете бастайды, - деді Зайытов.

Зайытовтың пайымынша, балалардың сана-сезімінің бұзылуына әсер ететін тағы бір фактор – идеология.

«Отбасылық жанжалдарды телеарналарда талқылауды тоқтату керек. Бұл Ақпарат министрлігіне тікелей қатысты. «Астарлы ақиқат» дегендерді жабу керек. Келіп алып, «мен қайын атаммен жаттым», «мені өгей әкем зорлады» дегенді бәрі жиналып, талқылағаннан кейін екінші адамда «сондай екен ғой» деген еріксіз ой туады. Осыны тоқтату керек, - деді Зайытов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама