×

Үкімет басшысы көмірді сатудың ашық механизмін әзірлеуді тапсырды

Жиынға ұлттық компаниялардың басшылары қатысты

 Дәурен Ерболат 21.04.2023 | 09:05
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кеңеске қатысушылар перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары, шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту және басқа да бірқатар өзекті мәселені қарады.

Сондай-ақ кеңесте қыста халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды.

Үкімет басшысы өткен жылыту маусымындағы тәжірибеге сүйеніп және цифрлық шешімдерді пайдаланып, отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында оның біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама