×

Бибісара Асаубаева жаңа атақ алды

Шахматшы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанды

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2023 | 15:38
фото: ашық дереккөз

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды.

Айта кетсек, Бибісара Асаубаева – 2004 жылы Тараз қаласында туған. Әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алған шахматшы.

2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы атанып, әлемнің ең үздік жас шахматшысы атағын да алған. Сонымен бірге, ол 2021 жылы шахматтың рапид түрінен әлем чемпиоантының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама