×

Рыбакина WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Енді теннисші ширек финалға шығу үшін бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 20.04.2023 | 10:40
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жекелеген сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.

Ол турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 65-орында тұрған германиялық Юле Нимайермен өткізді. Қарсыластардың бұған дейін өзара жолдары тоқайласпаған еді.

Елена Рыбакина 1,5 сағатқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуде теннисші 9 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама