×

Футболдан U-20 әлем чемпионаты Аргентинада өтеді

Оған Орталық Азиядан Өзбекстан құрамасы қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2023 | 13:47
фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Аргентинада өтетінін растады.

ФИФА мундиальдың болатын күндерін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Жеребе тарту рәсімі 21 сәуірде Швейцарияның Цюрих қаласында болады.

Жеребеге дейін командалар т өмендегі қоржынға түсті. Осы қоржыннан құрамалардың қағазға жазылған аты оқылады. Одан кейін олардың қай топтарда ойнайтыны белгілі болады.

Бірінші қоржын: Аргентина (алаң иесі), Уругвай, АҚШ, Франция, Сенегал, Италия;

Екінші қоржын: Англия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Бразилия, Колумбия, Эквадор;

Үшінші қоржын: Нигерия, Жапония, Өзбекстан, Ирак, Гондурас, Фиджи;

Төртінші қоржын: Гватемала, Доминикан Республикасы, Гамбия, Израиль, Словакия, Тунис.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Индонезияда өтуі керек болатын. Алайда ФИФА наурыз айының соңында Индонезияны жарысты өткізу құқығынан айырды. Мұндай шешім Индонезияның кейбір қалалары Израиль құрамасын өз территориясына кіргізбейтінін айтқан соң қабылданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама