×

Қарағандының полицейлері 12 келіге жуық гашиш тәркіледі

Есірткі қала орталығынан табылды

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2023 | 11:25
фото: ашық дереккөз

Қарағандының полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан 12 келіге жуық гашиш тәркіледі.

Қарағандының полиция басқармасына қала орталығында аса ірі көлемде есірткінің сақталғаны туралы ақпарат түсті. Сол сәтте криминалдық полиция және есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қала орталығын тексеріп, есірткі сақтады деген күдікпен Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғынын ұстап, одан қорапқа салынған жалпы салмағы 11 келі 865 грамм есірткі затын тәркіледі.

Есірткіге сараптама жасалғанда оның гашиш екені анықталды. Осыған байланысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама