×

Ақтөбеде үстіне контейнер құлап, мерт болған әйелдің үш баласына қазақстандықтар пәтер сыйлады

Қаржыны жергілікті демеушілер мен қарапайым халық жинап берген

 Халық үні 19.04.2023 | 06:31
Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде үстіне контейнер құлап, мерт болған әйелдің үш баласына пәтер берілді, деп хабарлады Massaget.kz порталы «Диапазонға» сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға биыл 1 қаңтарда болған. 38 жастағы әйел контейнердің астында қалып, қаза болған. Кәмелетке толмаған үш бала анасыз қалды. Оларды 70 жастағы әжелері бауырына басқан. Бұл жайтты естіген жергілікті ақтөбеліктер қол ұшын созып, отбасына көмектескен. Еріктілер ақша жинап, балаларға үш бөлмелі пәтер алып берген. 

Қаржыны жергілікті демеушілер мен қарапайым халық жинап берген. Бастапқыда жаңадан алынған үйде жиһаз да болмаған. Үйдің ішін жиһазға толтыруға жергілікті кәсіпкерлер көмектескен. 

«Марқұм әйелдің тұңғышы 17 жаста. Біз «Болашақ» колледжінен балаға тегін білім алуға мүмкіндік беруін сұрадық. Олар жағдайды түсініп, тіпті ай сайын шәкіртақы беретін болды», - дейді Volonter.2020_Aqtobe қоғамдық қорының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама