×

Алматыда автокөліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі

Өзгеріс қала ішінде көлік ағыны тиімділігін арттырудағы пилоттық жоба ретінде енгізілді

 Динара Амантай 18.04.2023 | 15:30
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Райымбек даңғылында басқа көліктерге де автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуірден бастап жұмыс күндері кешке және түнде сағат 20:00-ден 6:30-ға дейін жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойымен Сайын көшесінен Яссауи көшесіне дейін автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері осы аумақта жүруге шектеу жоқ. Осылайша, автобус жолағымен көлік көп жүретін уақыттан тыс кезде жүруге рұқсат.

Жаңа ереже қала ішінде көлік ағыны тиімділігін арттырудағы пилоттық жоба ретінде енгізілді. Қоғамдық көлік жолағындағы қозғалысқа қатысты өзгеріс жыл соңына дейін жалғасады. Сосын барлық дерек жинақталып, қаладағы көлік кептелісін реттеудің нақты шешімі қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама