×

Теннистен Қазақстан әйелдер командасы алғаш рет үздік жетілікке кірді

Ұлттық құрама 10-орыннан бірден 6-орынға шықты

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2023 | 14:00
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингінде Қазақстан әйелдер құрама командасы 10-орыннан бірден 6-орынға көтерілді. Теннистен ұлттық құрама АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артта қалдырды. 

Жақында Қазақстан әйелдер командасы Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Польша теннисшілерін 3:1 есебімен ұтып, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Бұл кездесуде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жекелеген сында поляк қарсыластары Магда Линетт пен Вероника Фальковскаяны ұтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама