×

Молдовалықтар Татарстан басшысын өз елдеріне кіргізбей қойды (ВИДЕО)

Минниханов осы инцидентке қатысты мәлімдеме жасады

 Дастан Жұмабекұлы 18.04.2023 | 12:15
фото: ашық дереккөз

Молдова Ресейдің Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановты еліне кіргізбей, әуежайдан кері қайтарды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. 

Татарстан басшысы Молдоваға кіре алмағанын өзі айтты.

Минниханов Молдовадағы Гагаузия автономиясында өтетін «Халықтар достығы – 2023» халықаралық конгресіне қатысу үшін барған көрінеді. Оны Гагаузия башканы (президенті) орнына үміткер Виктор Петров пен депутат-социалист Александр Суходольский шақырыпты.

Өкінішке қарай, молдован билігі бізді ел ішіне жіберуге болмайтын ұнамсыз азаматтар деген деген шешім қабылдапты… Соған қарамастан, мен ыңғайды пайдаланып, сіздерді өткен Пасха мерекесімен құттықтаймын. Татар халқы мен гагауз халқы – туыс. Соңғы жылдары біздің арамызда жақсы байланыс орнады, біздің одан әрі даму жолындағы өзара көмекке қатысты үлкен жоспарымыз бар еді, – деді ол.

Осыдан кейін Молдова шекара полициясы осы инцидентке қатысты мәлімдеме жасады. Онда Гагаузия башканы орнына үміткерге қолдау көрсету Молдоваға келуге жеткілікті негіз бола алмайтыны атап көрсетілген. Шекара қызметі татар басшысының мәлімдемесіне осылай жауап қайтарды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама