×

Жамбыл облысында марихуана сатқан адам ұсталды

Ұсталған адам кінәсін мойындады

 Дастан Жұмабекұлы 17.04.2023 | 16:16
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, марихуананы сақтаған 55 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 грамм болатын кептірілген марихуана табылды.

Ұсталған адам кінәсін мойындады.

ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау») және ҚР ҚК 297-бабының 3- бөлігі («Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама