×

Елорда іргесіндегі ауыл маңынан 63 жастағы балықшының денесі табылды

Полиция су қоймасында балық аулау қауіпті екенін ескертеді

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 13:29
Фото: vesti.ru

Ақмола облысында жоғалып кеткен 63 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Целиноград аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1960 жылғы әкесінің жоғалып кеткенін айтқан.

Әйел әкесі 14 сәуірде таңғы сағат 06:00-де балық аулауға кетіп, үй келмегенін жеткізген.

Полицейлер құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру жүргізді. Нәтижесінде 16 сәуірде жоғалған ер адамның денесін ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Қабанбай батыр ауылы маңындағы «Қарасу» су қоймасынан алып шықты.

Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама