×

Бүгін – Қадір түні

Исламда бұл түн ерекше маңызға ие

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 11:30
Фото: Sputnik

Биыл 18 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні болып белгіленді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазанның соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді, – деп жазылған хабарламада.

Ғалымдар бұл түннің атауына байланысты бірнеше себеп келтірген:

  • Қадір түні – шәраф, яғни қадірлі, шарапатты, абыройлы түн.
  • Қадір тағдыр мағынасында келеді, яғни осы түні бір жылда болатын оқиғалар мен болмыстың тағдыры, ризық-несібесі мен ажалы жазылады.
  • Қадір сөзі құрметті, қасиетті деген мағынаға саяды. Қадір түнін ұйықтамай, құлшылықпен өткізген кісі Алла Тағаланың құзырында құрметке бөленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама