×

Павлодар облысында мал іздеуге шыққан әйел жоғалып кетті

Бір күн бұрын ауылда ақтүтек боран болған

 Динара Амантай 17.04.2023 | 11:26
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының полицейлері жоғалып кеткен 34 жастағы әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 сәуірде сағат 18:00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің ВАЗ-2104 автомашинасымен дала алқабына ірі қара мал іздеуге шыққан. Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде көлікті тастап, екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күтеді. Келмеген соң, ер адам полицияға жүгінді. Айта кету керек, бір күн бұрын ауылда ақтүтек боран болған. Сондай-ақ әйелдің ұялы телефонын жұбайының көлігінде қалдырып кеткені белгілі болды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылды. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз қаласы ПБ жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері және жергілікті тұрғындар іздеуді жалғастырып жатыр.

Іздестіру жұмыстары жақын маңдағы елді мекендердің дала алқабында жүргізіліп жатыр. Бағдарлар барлық қалалық және аудандық ПБ-ға жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама