Елордада 2-ауысымда оқитын оқушылар мен студенттерге де сабақ болмайды

Дәурен Ерболат

Қалада ауа райы қолайсыз

Фото: Halyq Uni

Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен студенттерге де сабақ болмайды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.

Биыл 17 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін қалада автобустар кешігетіні хабарланған. Сондай-ақ кеше бірінші ауысым оқушылары мен студенттеріне офлайн сабақ болмайтынын жазған болатынбыз.