×

Астанада автобустар кешігіп келеді – CTS

Бүгін жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 09:18
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты автобус аялдамаларға кешігіп келеді, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағыны мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобус бағдарларының кешігуі болады. Қаладағы кейбір көшелерде қоғамдық көліктің жүруі қиындады. Елорда жолдарында коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді, - деп жазылған хабарламада.

CTS барлық жүргізушілер мен жолаушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырды. Барлық жүргізушіге жолда мүмкіндігінше мұқият болу, қауіпсіз қашықтықты сақтау, жылдамдық режимін таңдау, көлікті шұғыл тоқтатпау ескертілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама