Қайғылы оқиғадан бір тұрғын көз жұмып, 13 адам зардап шекті
Маңғыстау облысында жарылыстан зардап шегіп, үйсіз қалған жаңаөзендіктерге пәтер беріледі, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан көз жұмған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.
Үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі. Зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық қажет көмек көрсетіледі, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шеккен еді. Содан кейін жедел штабтың құрылғаны хабарланды. Оқыс оқиғадан бір адам көз жұмды.