×

АҚШ-тағы қазақ өзін тонамақ болған 3 жігітті ұрып, қаруын тартып алды

Олжасқа 3 қарулы жігіт шабуыл жасаған

 Халық үні 17.04.2023 | 04:55
Фото: ©instagram.com/oljas.kanybek

Желіде АҚШ-та Олжас Қаныбекке қарулы топтың шабуыл жасағаны, қазақстандықтың олармен төбелескен видеосы таралды. Ол өзін тонамақ болған 3 жігіттің қаруын тартып алған, деп хабарлады massaget.kz.

«Бұл видеоны анама көрсетпе. Бүгін қару ұстаған жергілікті топ мені тонамақ болды, бірақ менің реакциям оларды таң қалдырды», - деп жазады Қаныбек.

Қазақ жігіті келген дәрігерлерге бокспен айналысатынын айтқан.

Келген дәрігерлер «Олар немен ұрды, қарумен бе?» деп сұрағанда отандасымыз: «Иә, қарумен» деп жауап береді. Дәрігерлер одан: «емханаға барғың келе ме?» деп сұрағанда: «ол жоқ, менде бәрі дұрыс. Бұрын бокспен айналысқамын» деп жауап береді.

Олжасқа 3 қарулы жігіт шабуыл жасаған. Сумкасында ақшасы мен құжаттары болған. 

«Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Бірақ қазақтың жігіттері мықты ғой. Келген полиция қызметкерлері де не деген жүрегі бар жігітсің деп таң қалып жатыр», - дейді ол.

Полицейлердің бірінің айтуынша, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. 

«Мына жігіт олардың тапаншасы мен автоматын тартып алған. Үшеуін де ұрған. Бірінің тісі ұшып кеткен» дейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама