×

Түркістанда көрікті жерлерді аралауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті (ВИДЕО)

Өндірістік және тұрмыстық өрттен биыл 3 айда 120 адам қаза тапқан

 Еркеғали Болатұлы 16.04.2023 | 13:13
фото: видеодан скриншот

Түркістанда көрікті жерлерді аралап, саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті.

Оқиға бүгін сағат 04:17-де болған. «Яссы нұр» серіктестігіне тиесілі 216 шаршы метр бастырма және сол жердегі 14 электромобиль отқа оранған. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 04:47-де сөндірген.

Адамдар аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жалпы, ТЖМ есебі бойынша елде тіркелген оқиғалардың 96,5%-ы – осындай техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

«Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі – өндірістік және тұрмыстық өрттер. Олардың көлемі – 88,6%. 2023 жылғы 3 айда 2 304 өрт болды. Одан 199 адам зардап шегіп, 120 адам қаза тапты. Материалдық шығын – 703,59 млн теңге», - деп көрсетілген ведомство мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама