×

Абай облысында қайғылы жағдайда жасөспірім қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 15.04.2023 | 15:33
Фото: qaz365.kz

Абай облысында жасөспірім шөп жинап жүрген кезде пресске қысылып көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған. Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімге ілініп, қысылып қалған. Салдарынан 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама