×

Атырауда бір топ жеткіншек қатарласын аяусыз соққыға жықты

Қазіргі таңда 2006 және 2007 жылғы 2 күдікті полиция бөліміне жеткізілген

 Халық үні 15.04.2023 | 07:45
Фото: видеодан алынды

Атырауда бір топ жеткіншек қатарласын аяусыз соққыға жыққан. Олар әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Атырау қаласындағы колледж жатақханаларының бірінің жанында болған. Облыстық Полиция департаментінің таратқан ақпарына сай, қазір 16 және 17 жастағы 2 жеткіншек полиция бөліміне жеткізілген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Қазіргі таңда 2006 және 2007 жылғы 2 күдікті полиция бөліміне жеткізілген. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама