×

Головкин 27-орында: Әлемдегі үздік боксшылардың рейтингі жарияланды

Тізімге WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы да енді

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2023 | 12:51
фото: meta-ratings.kz

World Boxing News басылымы 2023 жылдың сәуір айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усик бастап тұр. Рейтингке орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы да енді.

Үздік елуліктің арасында Головкин 27-ші, Әлімханұлы 48-сатыда тұр.

Үздік ондық:

1. Александр Усик (Украина)

2. Наоя Иноуэ (Жапония)

3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

4. Кіші Эррол Спенс (АҚШ)

5. Дмитрий Бивол (Ресей)

6. Девин Хэни (АҚШ)

7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

8. Джермелл Чарло (АҚШ)

9. Хуан Эстрада (Мексика)

10. Шакур Стивенсон (АҚШ).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама