×

Ресейдің Қазақстанмен шекарасында өрт шықты

Әзірше жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды

 Дастан Жұмабекұлы 14.04.2023 | 09:16
фото: russian.rt.com

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірі – Алтай өлкесінің Михайловск ауданында өрт шықты. Тілсіз жауды сөндіруге арнайы пойыз тартылды. Пойыз арнайы техникаларды 120 тонна сумен қамтамасыз етті. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, өрт Қазақстан аумағынан келген. Оны сөндіруге жел кері әсерін тигізіп жатыр. Әзірше жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 шақырым жерде өшіре алды.

Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде тікұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Алтай өлкесі Табиғатты қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.

Жалын Бастан ауылына және оған жақын орналасқан басқа да елді мекендерге жетті. Барлық тұрғынға өрт қаупі ескертілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама