×

Илон Маск Twitter-ді сатуға дайын екенін айтты

44 млрд доллар берсе, ойланып көремін, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 13.04.2023 | 16:45
фото: ашық дереккөз

Tesla және SpaceX негізін қалаушы, 2022 жылы Twitter әлеуметтік желісін сатып алған Илон Маск ВВС-ге берген сұхбатында лайықты сатып алушы табылса, платформаны сатуға дайын екенін айтты.

Оның айтуынша, Twitter-ді басқару оған оңай емес.

Twitter-ді басқару – өте азапты процесс. Бірақ бұл жалықтырмайтын аттракцион сияқты. Соңғы бірнеше айда Twitter-де жағдай өте нашар болды. Сондықтан әлеуметтік желіні сатып алғысы келетін адам табылса, ойналып көремін, – деді ол.

Маск кезінде Twitter-ді сатып алғанына өкінбейтінін, керісінше, дұрыс істегенін атап өтті.

Қазір Twitter жақсы жұмыс істеп тұр.  Дегенмен оны сатып алғысы келген адам 44 миллиард доллар беріп, шындықты ғана жариялайтын болса, келісімімді беремін, – деді Илон Маск.

Сондай-ақ кәсіпкер әлеуметтік желіде боттарды тапқаннан кейін компанияны сатып алу үшін аз ақша төлегісі келгенін мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама