×

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы робототехника олимпиадасына аттанады

Додаға 100 елден оқушылар жиналмақ

 Халық үні 28.03.2023 | 16:09
Сурет: ашық дереккөзден

Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Хьюстонда (АҚШ) робототехникадан халықаралық чемпионатта Қазақстан атынан қатысады, деп хабарлайды Halyq Uni..

2023 жылдың 18 сәуірі мен 22 сәуірі аралығында Хьюстонда (АҚШ) 100 елден 192 команда арасында робототехникадан халықаралық чемпионат өтеді. Қазақстан атынан Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы қатысады.

«АЕНТА» командасының құрамында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-11 сыныптарының 16 оқушысы бар. Ағымдағы жылдың ақпан айында жігіттер робототехникадан Орталық Азия чемпионатына қатысып, Гран-приді жеңіп алды. Бұл марапат оларға АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта Республика атынан шығуға мүмкіндік берді.

Орталық Азия чемпионатында команда ағымдағы маусымның басты тақырыбына сәйкес энергия өндіруге көмектесетін роботты таныстырды. Бұл ретте тек энергия өндіру жеткіліксіз болды, әлеуетті, қуатты және өнімділікті барынша арттыру қажет болды. Робот барлық ойын кезеңінде ойын элементтерін алаңда зарядтауға мәжбүр болды.

Басты мақсат – миссияны орындау үшін роботтың жасанды интеллектін пайдалану. Шынайы өмірдегідей роботқа өріс элементтері арасында электрлік байланыс жасау қажет болды. Бұл элементтерді конустарды арнайы арқалықтарға қою арқылы зарядтау мүмкін болды. Мұнда жылдамдық, дәлдік және стратегия ескерілді, онда командалар энергия өндірудің ең жақсы әдісін таңдады.

«Біз роботпен 4 ай жұмыс істедік. Робот АҚШ-қа бару үшін жаңартылады, сондықтан оны жаңа, жылдамырақ қозғалтқыштармен қамтамасыз ету жоспарлануда», – дейді олимпиадаға қатысушы, топ мүшесі Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Рамазан.

Қазақстандық оқушыларды АҚШ-қа жөнелтуге демеушілік көрсеткен отандық ұялы байланыс операторларының бірі қазақстандық оқушылардың осы салада білікті маман болуына мүдделі. 

«Біз заманауи технологияның алдыңғы қатарында және осы саладағы жас ұрпақты қолдайды. Робототехника – біздің заманауи технологиялық болашағымыздың бір саласы. Біз AENTA командасын қолдадық, өйткені жігіттер елімізді әлемдік аренада лайықты танытатынына сенімдіміз», – деді демеуші компания өкілі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама