×

Алматыда ірі мейрамхана сүріліп жатыр

Сот процесі бір жылға созылған

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 15:18
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда судьяның шешімен ірі мейрамхана сүрілетін болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде Наурызбай ауданының Ақжар шағын ауданында 68 мейрамхананың тиісті құжаттарсыз салынып жатқаны анықталды.

Мейрамханалардың бірінің иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-бөлігі және 321, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылданған және анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілген.

Меншік иесі ұсыным талаптарын орындамаған. Осыған байланысты басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз берген.

2022 жылғы 26 тамызда сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды, алайда жауаптылар апелляциялық шағым берді.

Сол жылы 19 қазанда қалалық соттың қаулысымен бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Бүгін, яғни 13 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріле бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама