×

Астана әуежайы маңында өрт шықты

Оның нақты неден шыққаны әзірше белгісіз

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 14:37
Фото: ТЖД

Бүгін Астана халықаралық әуежайы маңында өрт шықты. Бұл туралы жедел ақпаратты қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі таратты.

Департамент мәліметінше, бүгін сағат 12:28-де өрт сөндірушілер әуежай жақта өртенген құрғақ шөп пен қамысты сөндірген. Өрттің жалпы ауданы – 1 гектар.

Қазір оқиға орнында қалалық ТЖД-ның 40 қызметкері мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Сағат 14.30-дағы мәлімет бойынша өрттің аумағы шамамен 3 гектар жерге жеткен. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Құрғақ шөптің тез жануы, желдің соғуы өртті сөндіруде қиындық туғызып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, өрт әуе айлағының қызметіне әсер етпеген. 

Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама