×

Биыл Павлодар облысында мүгедектердің саны артып отыр

Балалар арасында аутизм дерегі жиілеген

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 14:14
фото: pexels

Павлодар облысында өткен жылмен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Сыртымбаева айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып жатыр. Жыл басынан бері 11 118 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелді. Оның 3025-і – жаңадан тіркелгендер, ал қайта тікелгендердің саны – 6772.  Әсіресе қатерлі ісік аурулары мен балалар арасында аутизм дерті көбейген. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша 1104 тұрғын тіркелді, – деді Ләззат Сыртымбаева өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір аймақта мүмкіндігі шектеулі жандардың саны – 29 мың шамасында. Олардың 30%-ы – бірінші топтағы, 60%-ы – екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қалған 10%-ы – психикалық аурулар мен қатерлі ісікке ұшырағандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама