×

Шымкентте өз пәтерінен ер адамның мәйіті табылды

Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды

 Халық үні 13.04.2023 | 07:57
Фото: inbusiness.kz

Шымкентте 12 сәуірге қараған түні тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды  otyrar.kz.

Тұрғындар мұны байқап, өрт сөндірушілерді шақырған.

17-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан.

«Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Қалың түтінге байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады», - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікті көп ішкен. Оның пәтерінде бұған дейін де өрт шыққан, мұны көршілері дер кезінде байқап, аман алып қалған.

Өрттің нақты себебін және 61 жастағы ер адамның өлімін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама