×

Астанада жылдың үздік кітабы анықталады

Кітап көрме-жәрмеңкесі алтыншы рет ұйымдастырылады

 Дәурен Ерболат 12.04.2023 | 17:16
Фото: ОКҚ

Елордада Eurasian Book Fair-2023 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

19-23 сәуір аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында Book Fair-2023 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бүгінде халықаралық көрмеге қатысуға Ресей, Түркия және Қытайдың баспа, кітап сату, ғылым, білім беру және полиграфия саласында жұмыс істейтін 70-ке жуық компания өтінім берген.

Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі алтыншы рет өткізіледі. Мұнда оқырмандардың назарына түрлі кітаптар ұсынылады. Сырттан да, қазақстандық баспагерлердің де керемет туындыларын көре аласыздар, - деді «Фолиант» баспасының өкілі Қанат Бейсенғазин.

Іс-шара аясында «Жылдың үздік кітабы» байқауы өтеді.

Онда үміткерлер төмендегі номинациялар бойынша бақ сынайды:

  • Үздік оқу құралы;
  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап;
  • Үздік өлкетану басылымы;
  • Мәдениет және өнер;
  • Ғылым және инновация;
  • Гран-при.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама