×

Елорданың екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Олардың алдына аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды

 Динара Амантай 12.04.2023 | 11:45
Файл: phonoteka.org

Астанада Нұра және Сарыарқа аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша екі ауданның әкімдері тағайындалды. Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов, ал Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды.

Жүсіп Жұмағұлов – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы лауазымынан бастаған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бауыржан Ералы еңбек жолын Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары сарапшы, «Ахуалдық орталық» басқармасының бас сарапшысы, «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды. 2022 жылы «ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдерінің алдына аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама