×

Әзербайжан мен Армения шекарашылары тағы да қақтығысып қалды

Екі ел тарапы да жарақат алғандар мен қаза тапқандардың бар екенін мәлімдеді

 Еркеғали Болатұлы 12.04.2023 | 11:15
фото: azertag

Әзербайжан мен Армения шекарасындағы ресейлік бітімгерлер бақылайтын Лачинск дәлізінде тағы да әскери қақтығыс болды.

Армения Қорғаныс министрлігі бүгін жергілікті уақыт бойынша 04:00-де Тех ауылы маңында әскерилерге оқ атылғанын мәлімдеді. Ал Тех ауылы Армения мен Қарабақтағы армян халқы тұратын бөлікпен байланыстыратын жолға жақын орналасқан.

Сондай-ақ Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Лачин қаласына жақын орналасқан әскерилер позициясына Армения тарапынан оқ атылғанын алға тартып отыр.

Екі ел тарапы да жарақат алғандар мен қаза тапқандардың бар екенін мәлімдеді.

Бұл ретте Әзербайжан мен Армения 30 жылдан аса уақыт бойы екі ел шекарасының қай жермен өтетінін келісе алмай келеді. Ал әскери жанжалдар кезінде екі тарап та демаркацияны бастаған жоқ. Сондықтан Әзербайжан тарапы бірнеше рет Армения аумағына басып кірді деп айыпталған. Мысалы, 2021 жылдың мамырында әзербайжандық әскерилер Армения шекарасынан өтіп, бірнеше шақырым алға жылжыған. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде ондаған адамның өмірін қиған ірі қақтығыстар болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама