×

Жол саласы мамандарының цифрлық банкін толтыру жұмыстары басталды

Бұл база жол еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді

 Динара Амантай 12.04.2023 | 09:32
Фото: no-comment.kz

«Қазжол ҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшін деректерді жинау бойынша жұмыстардың басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Осылайша, биыл сәуір айының басында «Қазжол ҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жол саласының бірыңғай біліктілік базасын толтыруға кіріскен болатын. Институт сайтында жол құрылысындағы ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинау бойынша жұмыстар басталды.

Институттың сайтында деректерді жинау туралы хабарландырумен бірге біз жол саласының студенттері, қызметкерлері мен компаниялары сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы, цифрлық база жол еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді», – деді «Қазжол ҒЗИ»  Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу.

Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Өз кезегінде жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.

Біліктілік базасы ҚР автожол мамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтерді сақтайды. Біздің болжамымыз бойынша, бұл базаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз, – деді «Қазжол ҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама