×

Туыстары жүргізушіні соққыға жықты: Алматыда жасөспірімді көлік қағып өлтірді

Полиция қылмыстық іс қозғады

 Халық үні 12.04.2023 | 08:45
Фото: uralskweek.kz

Алматыда 16 жастағы жасөспірім бағдаршамның жасыл түсімен жолды кесіп өтпек болғанда, көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, баланы қағып өлтірген. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды AstanaTV.

Оқиғаға куәгер болғані марқұм жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісін ұрып-соғып, көлігін талқандаған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алматы полициясының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама