×

Полиция бөліміндегі жаңаөзендік жұмысшылар заңсыз әрекетке бармауға шақырды

Мұнайшылар Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды

 Халық үні 12.04.2023 | 00:39
коллаж: Halyq Uni

Елорадада наразылыққа шыққан «БерАлы» компаниясының жұмысшылары Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымов видеоүндеу жасап, бүгін санкцияланбаған митинг үшін ұсталған мұнайшылар Маңғыстауға қайтарылатынын мәлімдеді. 

Айтуларынша, бұл мәселені Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдерімен бірге комиссия құрып шешеді. 

Қазір полиция бөлімінде жүрміз. Келіп отырған келісіміміз бойынша Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың бір бөлігін таңертең пойызбен, бір бөлігін ұшақпен елге қайтарамыз. ҚазМұнайГаз өкілдерімен ақылдасып, Өзенмұнайгаз және тендер мәселесін комиссия қарайтын болды. Санаулы 4-5 адаммен осында қалып, келісімшартқа қол қою мәселесімен айналысамыз, - дейді видеода Жолмұрат Ұлықпанов.

Мұнайшылар Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама