×

Қазақстан осал қарсылас емес – теннистен Польша құрамасының капитаны

Біз үшін Қазақстанмен ойнау үлкен құрмет, -  деді поляк спортшылары

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2023 | 12:40
ФОТО: Halyg-uni

Астанада теннистен Билли Джин Кинг кубогы үшін Қазақстан мен Польша командаларының арасындағы матчтың алдында баспасөз мәслихаты болды.

Әуелі Польша командасының өкілдері БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап берді. Команданың капитаны Дэвид Цельт Қазақстан құрамасымен кездесуде жеңіске жету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.  

Біз Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Осы ойында алға қойған мақсатымыз бар. Әрине, біздің теннисшілер Қазақстан спортшыларымен иық теңестіре бәсекелескісі келеді. Дегенмен бұл командалық ойын болғандықтан жеңіске жетуге болады. Қарсыластарымыз осал емес. Өте тәжірибелі команда. Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина сияқты ойыншылармен терезесі тең ойнау – біз үшін үлкен құрмет, –  деді ол. 

Дэвид Цельттің айтуынша, теннисшілердің ойынға дайындығы бәрін көрсетеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама