×

«Қош болыңдар»: Атырауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың өзіне қол жұмсаған сәті видеоға түсіп қалған

 Халық үні 11.04.2023 | 06:48
Фото: әлеуметтік желіден алынды

16 жастағы Асемай Қазбекова 6 сәуір күні үйінен шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Оны іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Кейін қыздың көпірден секіріп кеткені анықталды. Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Соңғы бейнеде Асемай көпірге көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарауға үмітіміз болды. Алайда ол үй иесі 1, 2, 3 күндері өз үйінде болмаған еді. Үй иесі аңға кеткен екен. Бүгін іздеудің 4-күні сол үйдің иесі үйіне келген болатын. Асемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға кіріп шыққан. Камерадан қарағанда, Асемай қызымыз, өкінішке орай, көпірден секіріп кеткен. Өте өкінішті», -  деп жазды Сандуғаш Кукенова.

Жасөспірімді іздеуге еріктілер мен халық қалаулылары да қосылған болатын. Бұған дейін облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман өзінің Facebook-тегі  парақшасында Асемай соңғы фотосуретін көпірдің қасында түсіріп, оған «Қош болыңдар» деген жазба қалдырғаны туралы жазды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама