×

Алматыдағы мектептерге 6,7 мың камера орнатылған

Шаһардағы 300-ден аса мектеп тексерілген

 Дәурен Ерболат 10.04.2023 | 11:04
Фото: lentv24.ru

Бүгінде Алматыдағы білім ордаларына 6,7 мың камера орнатылған. Бұл туралы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев айтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Оның айтуынша, Алматыда білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін тексеру бойынша комиссия құрылған.

Бүгінде қаладағы мектептерде 6 739 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жедел басқару орталығымен біріктірілген. Сондай-ақ тексерілген білім ордаларында дабыл батырмалары орнатылғаны, олардың жұмыс істеп тұрғаны анықталды, - деді Ержан Ұзабаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама