×

БҚО-да бруцеллез тарап жатыр

Сақ болмаса, ауру адамға да жұғады

 Дәурен Ерболат 10.04.2023 | 09:41
Фото: eldala.kz

Батыс Қазақстан облысында бруцеллез тарап жатыр, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Бруцеллез – тірек-қимыл аппараты, жүйке, жүрек-тамыр және несеп-жыныс жүйесін зақымдайтын созылмалы ауру.

Бруцеллездің қоздырғышы жануардың ағзасында бір жылға дейін сақталады. Қоздырғыш сыртқа сүт, зәр, нәжіс және тағы басқа жолмен шығарылады. Ауру салдарынан топырақ, жайылым, су қоймасы, мал жемдейтін орын, қора ластанады. Инфекция шикі сүт пен сүт өнімдері арқылы таралуы мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Адам ауруды жануарларды күту кезінде, жеке гигиенаны сақтамағанда және жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбағанда, шикізатты өңдеу кезінде, термиялық өңделмеген малдың өнімдерін жегенде, жүнді қырқу кезінде, сондай-ақ ауру жануарлар болған жерді тазалағанда жұқтыруы ықтимал.

Егер адамға инфекция жұқса, ол бірден білінбейді. Аурудың алғашқы белгілері 7 күннен соң немесе 2 айдан соң білінуі мүмкін. Бруцеллезді уақытында емдемесе, адам мүгедек болып қалуы ықтимал. Созылмалы бруцеллез салдарынан әйелдің түсік тастау қаупі бар, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама