×

Шымкентте автобус қаққан тағы бір адам көз жұмды

2006 жылы туған жасөспірім қайтыс болды

 Халық үні 09.04.2023 | 08:50
Фото: piqsels.com

Шымкентте автобус қағып, ауруханаға түскен тағы бір адам қайтыс болды. 2006 жылы туған жасөспірім алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмды, деп хабарлады Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында болған. Бірнеше рет жүрек қағысы тоқтаған жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған.

2006 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында еді. Бірнеше рет жүрек соғысы тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың әсері болған жоқ, - деп мәлімдеді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, 6 адамды қағып, 4 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама