×

Түркістан облысында шетелден жеткізілген 43 тонна қызанақтан қауіпті вирус анықталды

Биыл облыстық аумақтық инспекция фитосанитарияға қатысты 20 заң бұзушылықты анықтаған

 Динара Амантай 08.04.2023 | 10:45
Фото: eldala.kz

Түркістан облысында шетелден жеткізілген 43 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданында орналасқан шекарадағы фитосанитариялық бақылау бекетінің мамандары Түркіменстан, Өзбекстан және Иран елдерінен жеткізілген томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан.

 Өсімдіктер карантині туралы» заң талаптарына сәйкес жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар ел аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызыға дейін елеулі зиян келтіреді, – деді Облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Ибрагим Бегасылов.

Мамандардың айтуынша, аталған аурулар соңғы үш жылда Еуропа, Азия және Америка, сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде анықталған. Биыл инспекция 20 заң бұзушылықты анықтаған, оларға 2 173 500 теңге көлемінде айыппұл салынып, өнімдер кері қайтарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама