×

ҚТЖ Әзербайжан темір жолымен байланысты нығайтады

Екі ел арасындағы тасымалдар өткен жылмен салыстырғанда 40%-дан аса ұлғайды

 Динара Амантай 08.04.2023 | 09:51
Фото: ult.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әзербайжан темір жолымен байланысты нығайтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы темір жол көлігімен тасымалдаудың жалпы көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 3 млн тоннадан астқан. Астық, тау-кен металлургия өнімдерін тасымалдаудың өсуі байқалды. Ең жоғары өсім-Қазақстаннан, оның ішінде Әзірбайжан арқылы экспорт 7 есені көрсетіп, 2,7 млн тоннаны құрады.

2023 жылдың 1 тоқсанында елдер арасындағы тасымалдар да оң серпінді көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-дан аса ұлғайды.

ТХКБ қатысушылары арасындағы операцияларды синхрондау мақсатында Әзербайжан тарапымен бірлесіп қозғалысты жоспарлау және үйлестіру үшін виртуалды диспетчерлік орталық құрылды. Бұл жүктердің қозғалысы туралы еларалық ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, тараптар ТХКБ дәлізін ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін ашу дамудың басты векторларының бірі болып табылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама